11
сентябрь
2023
2023-2024 оқу жылында 11қыркүйек күні ата -аналар жиналысы болып өтті.
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №55 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылында 11қыркүйек күні ата -аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде
1. Мектепішілік ереже
2. Ата-ана міндеттері мен жауапкершілігі
3. Оқушылар қауіпсіздігін сақтау
4. Құқықбұзушылыққа жол бермеу
5. Буллиниг және кибербуллингті болдырмау оның алдын алу
6. Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік шаралары
7. Балалардың білім алуына жағдай жасау, психологиялық көмек.
8. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Мектеп директоры А.С.Каппарова сөз алып, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Мектеп психологтары П.Мұратбекова мен Б. Бегімбет жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында ата-аналармен тренинг өткізді. Мектеп директоры А.С.Каппарова күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, әр мәселеге түсінік беріп өтті. Ата-аналар жиналысына оқу ісі және тәрбие ісінің орынбасарлары түгел қатысты.
ДТІЖО О.Ү.Бекбосынов сөз кезегін алып, мектептің ішкі тәртіп ережесі ҚРБілім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы N 26 “Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы” бұйрығы негізінде мектептің ішкі тәртіп ережесі мен формаға қойылатын талаптарды бекіту, оқушылардың қауіпсіздігі, құқықбұзушылық, буллинг және кибербуллинг бойынша алдағы уақытта жасалатын жұмыстармен таныстырып өтті. Ата-аналар сұрақ қойып, сауалдарына нақты жауап алды.
"Ата-ананың басты қуанышы бала". Бала өміріндегі ата -ана ролін мақсатқа ала отырып, мектебіміздің шебер мұғалімі К.Ордабаева тиімді әдістер мен ойындарды, қызықты сұрақтарды қолдана отырып КОУЧИНГ өткізді. Ата - аналарға бала тәрбиесі мен оқу үлгеріміне үлкен жауапкершілікпен қарауға керемет ой салды. Баланың бас ұстазы - ата -ана екендігін ескеріп, бала тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе , ынтымақтаса әрекет етуге шақырды.
Жиналыс соңында мектеп директоры А.С.Каппарова ата - аналарға Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында мектеп мұғалімдері ата-аналардан түрлі себептермен ақша жиналмайтынын, мектепте арнайы бұйрық шығарылып, мұғалімдер сол бұйрықпен таныстырылғанын атап өтті.
Жиын соңында ата -аналар мектеп ұжымына ұсыныстар жасап , ізгі тілектерін білдірді.
