07
апрель
2023
«Сапалы білім» жобасы аясында нәтижелі жұмыстар
«Сапалы білім» жобасы аясында 2023 жылғы 07 сәуірінде №55 жоббм базасында «Білім сапасын арттырудағы әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.
Семинарға математика пәні әдіскері А.Кисабекова, жетекші және тірек мектептердің (№72,59,115,132,85,58,131,133,127) әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагогтері қатысты.
Семинардың мақсаты, міндеті туралы әдіскер және мектеп директоры А.С.Қаппарова таныстырып, кіріспе сөз жасады.
«Білім сапасын арттырудағы тиімді әдіс-тәсілдер ролі» тақырыбында директордың әдістеме жөніндегі орынбасарлары Г.О.Күздеубаева баяндама оқыды, мектептің жеткен жетістіктері мен оқу-тәрбие аясында атқарылған әдістемелік жұмыстары туралы көрнекті ақпарат берді.
Әдіскер А.Кисабекова Әдістемелік жұмыс-педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдіс екенін атап өтіп, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.
Семинардың тақырыбы мен мақсатына сәйкес мектеп педагогтері үздік тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал жасайтын әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру негізінде ашық сабақтар, коучингтер, шебер сыныптар сондай-ақ оқушылар арасында ұйымдастырылған қазақ, орыс, ағылшын фракциясы бойынша дебат өткізді.
Семинар барысында пән мұғалімдері Ж.А.Азимова, Г.Курбанова, М.Куралбаева, Г.Оразова,Г.рүстем, Л.Салықбаева, Р.Газиева, М.Нагимбекова, А.Касымбаева, А.Әмзе, Н.Казыбева, А.Назарова, Е.Здолбунова, А.Омарбекова, С.Оспанова, Ж.Юлдашева, О.Маму, Р.Султангазиева жаңа оқыту технологияларын қолдана отырып, сабақты шебер ұйымдастырудың, оқытуда әдіс-тәсілдерді тиімді қолданудың, сабақтағы оқушылардың іс-әрекетін зерттеудің жолдарын көрсете отырып, қатысушы педагогтерге үздік тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында әдіскер, қатысушы педагогтер сабақтарға анализ жасап, кері байланыс орнатылып, қатысушы педагогтер керемет әсер алғандарын жеткізді, семинар жоғары дәрежеде өткені туралы пікірлерін білдірді. Оқушылардың білім сапасын арттыру жұмыстары бұл білім беру мекемесінде жүйелі түрде жолға қойылғаны және семинардың өз дәрежесінде керемет өтілгені туралы әдіскер ерекше атап өтті.
Тірек мектептердің әдістеме жөніндегі орынбасарлары жұмыс жоспарына шолу жасап, өзекті болып жатқан мәселелерге тоқталды.





