Шымкент қаласының білім басқармасының
«№55 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(8723) 53-39-16
(8707) 552-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
октябрь
2019

Мектептің ішкі тәртіп ережесі

                                              №55 жалпы орта білім беретін мектептің ішкі тәртібі


1.Оқу тәртібі:

- Мектепте сабақтар I аусымда сағат 0810, II ауысымда сағат 1410 басталады.

- Мектепте сабақ оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.

- Мұғалімдер мен оқушылар сабақтың басталғаны мен аяқталғаны туралы қоңырау арқылы хабардар болады.

- Сабақ басталған соң барлық оқу жайлары мен оған іргелес жайларда қалыпты сабақ жүргізуге тыныштық пен тәртіп орнауы тиіс.Сабақ жүріп жатқанда,кабинетке кіріп немесе шығып,сабақты бөлуге болмайды.

- Әр сыныпта сынып жетекші үлгерімі жақсы және тәртіпті оқушыдан сынып басшысын тағайындайды.Сынып басшысы сынып жетекшіге тікелей бағынады,оның барлық бұйрықтары мен нұсқауларын өз сыныбымен мүлтіксіз орындайды.

- Оқушыларға мектепте смартфондарды өзімен бірге алып жүруге тыйым салынады.Ұялы телефондарды сабақ үстінде өшіруге тиіс.

- Мектепте ұялы сымтетіктер мен жеке заттардың жоғалғаны үшін жауап бермейді.

2. Мектеп пен оның аймағындағы тәртіп

  Оқу жайын реттеу мен аймақты көріктендіруге  (жиһаздар бүтіндігі мен оқу құрал-жабдықтарына,қалыпты температураны ұстау,жарықтандыру т.б) директордың орынбасарлары және оқу бөлмесіне бекітілген мұғалімдер мен сынып жетекшілер жауапты;

а) спирттік ішімдіктер ішуге,темекі шегуге,уландырғыш және есірткі заттарды қолдануға тиым салынады;

ә) құмар ойындарды (карта,фишки т.б) мектеп ішінде ойнауға болмайды;

б) сабақ кезінде айқайлауға,дыбыстап сөйлеуге болмайды;

в) ішкі тәртіп ережесі мектептің көзге түсетін жеріне ілінеді.

  Ішкі тәртіп ережесіне толықтырулар мен өзгертулерді мектеп кеңесі бекітеді.

  Мектептің ішкі тәртібі – педагог,мектепшілер мен олардың ата-аналарының құқықтары мен міндеттерін анықтайтын Жарғы бабы.

3. Мектеп педагогтарының құқығы мен міндеттері: 

 1. Педагог мектептің ішкі тәртіп талаптарын орындайды.

 2.Мектеп педагогының міндеттері:

 - Әкімшілікпен жасалған келісімшарт талаптарын орындауға;

- Оқу – тәрбие үрдісі мазмұнымен ұйымдастыруға дербес жауапкершілік алады;

- Қабілетті және дарынды балаларды танып,әр баланың жеке қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды,белсенді танымдық іс-әрекеттері мен өздігімен білім алу қажеттіліктерін қалыптастырады;

- Шығармашылық жұмыс тобының мүшесі болуға,сараптау-зерттеу жұмысының дағдысын меңгеруге міндетті,кең эрудиция,терең білім,тәжірибеге бағытталған психологиялық білім,қазіргі педагогикалық технологияларды меңгеру,психологиялық-педагогикалық дайындықтың жоғары деңгейін қамтыған кәсіби құзіреттілік педагог міндеті:

- Әріптестерімен,балалармен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасағанда әдеп нормаларын қатаң сақтау міндетті.

- Қатаң түрде киімнің классикалық стильді сақтау.

3. Педагог құқықтары:

- Жеке бағдарламасымен әдістемесін жетілдіруге,оны оқу үрдісіне енгізуге (мектептің ғылыми – әдістемелік кеңесңнде бекітілген жағдайда),зерттеу жұмысымен айналысуға:

- Оқу – тәрбие жұмысының түрі мен әдісін өз бетінше таңдауға:

- Өз кандидатурасын келесі біліктілік деңгейіне ұсынуға.

4. Мектепшілер құқығы мен міндеттері:

1. Мектепшілер үшін оқу негізгі еңбек түрі болып табылады.

2. Мектепші мектепке оқу уақыты басталардан 15 минут бұрын келеді.

3. Мектепші әкімшілікке,сынып жетекшісіне бағынады және олардың жарлықтарын орындайды.

4. Мектепші сабақтан себепсіз қалмайды.

5. Сабақтан қалған жағдайда тиісті құжаттарын уақытылы жеткізуге тиісті (мед.анықтама,т.б).

6. Мектепші мектептің ішкі тәртіп талаптарын орындайды.

7. Мектепші міндеттері:

- Білім мен тәрбиелік дағдыны терең және жүйелі меңгеруге,оқу бағдарламасы мен жоспарда көрсетілген тапсырмаларды уақытылы орындауға:

- Өзінің идеалық және мәдени деңгейін көтеруге,оқу-тәрбие мекемесінің ішкі тәртіп ережесін сақтауға:

- Ұйымшыл және тәртіпті болуға:

- Шығармашылық және зерттеу жұмыстарын өз қызығушылығы мен қабілетіне қарай жүргізіп,мектептің ғылыми- әдістемелік кеңесінде қорытындылармен таныстыруға:

- Қоғамдық жіне қайырымдылық іс-шаралары белсене қатысуға:

- Мектеп жиһаздарын сақтауға:

- Күдікті және тиым салынған сайттарға қатаң түрде кіруге болмайды.

8. Мектепші құқықтары:

- Оқу – тәрбие мекемелерінің зертханаларын,кабинеттері мен кітапханаларын тегін пайдалануға:

- Сынып жетекшілер мен қоғамдық ұйымдар арқылы оқу үрдісін жетілдіру үлгерім мен тәртіп,оқу мен тұрмысқа байланысты басқа да сұрақтарды талдауға қатыса алады:

- Мектептегі балалар өнерпаздар ұйымына қатыса алады.

- Мектеп формасының үлгісі және түсі классикалық үлгіні ұстанып,біріңғай түстердің үйлесімді гаммасын,үш түстен артық емес түстерді қосуға болады.

- Күнделікті мектеп формасын міндетті түрде кию керек.

- Ер балаларға Мектеп формасы: қара немесе қара көк түсті пиджак,жилет,шалбар, классикалық жейде,мерекелік ақ түсті көйлек,күнделікті киетін ақ түсті көйлек (қысқы кезеңде:трикотаж жилет,ақ түсті водолазка бас киімсіз) ер балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең пішіледі.


- Қыз балаларға мектеп формасы:ақ түсті блузка,қара немесе қара көк түсті пиджак,жилет,классикалық белдемше,классикалық үлгідегі жейде (қысқы кезеңде: трикотаж желет,сарафан,водолазка) қыздарға арналған юбка офистік стильде,тізеден төмен.Қыз балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып,кең пішіледі.


- Мектеп формасы түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды,соның ішінде бас киімге қатысты діни атрибуттарды (крест,хиджаб,никаб,паранжа,чадра,ермолка,орамал,тюрбан,иудей-кипа бас киімдері,бурка және т.б) киюге болмайды.

- Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксесуарлар киюге қатаң тыйым салынады.


- Егер осы міндеттер орындалмаса мектепші жазаланылады:

  • Оқушының тәртібі мектепші кеңесңнде қаралады.
  • Оқушының тәртібі құқықтық кеңесінде қаралады.
  • Оқушының тәртібі педагогикалық кеңесінде қаралады.
  • Оқушысының жеке құжатына сөгіс енгізіледі.

Мектеп жарғысына (тармақ 8.8) және мектеп ережесіне сәйкес (ҚР «Білім туралы» заң (1-бап,40-тармақ) педагогикалық кеңестік шешіміне сәйкес ішкі тәртіпті бұзған оқушылар мектептен шығарылып,тұрғылықты мекен жайында орналасқан мектепке ауыстырылады. 

5. Ата –аналар мен оларды алмастыратын тұлғалардың құқықтары мен міндеттері:

1. Мектепші ата-аналары міндеттері:

- оқушылардың мектеп Жарғысы мен ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтауын қадағалауға;

- балалардың оқу мазмұнын ойдағыдай меңгеруіне,мұғалімдерге жан-жақты жәрдем беруге;

- мектеп педұжымымен,балалармен қарым-қатынас жасауда әдеп нормасын сақтауға;

- ата-аналар қоғамның жұмысына белсене қатысуға;

- баласы мектеп жиһазын бұзғаны үшін материалдық жауапкершілік алуға;

- мектепішілік және сыныптан тыс іс- шараларды ұйымдастыру мен өткізуге атсалысуға;

- оқушыларды және тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол бермейді (ҚР «Білім Заңы» 47 бап,10 тармақ);

- ата-аналар мектептің жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға міндетті (ҚР «Білім туралы Заңы»49 бап,2т,3тт);

- әр ата-ана өз балаларына міндетті мектеп формасын қамтамасыз етеді.

- өз балаларын сабаққа түгел қатысуына және уақытылы келуіне уақытылы кетуін қадағалау

- күдікті және тыйым салынған сайттарға кірмеуін қадағалау


Сенбі ата-аналар күні


Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив