13
сентябрь
2023
13.09.2023 ж күні қамқоршылық кеңестің отырысы болып өтті.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 55 жалпы орта білім беретін мектебінде 13.09.2023 ж күні қамқоршылық кеңестің отырысы болып өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Каппарова Айгул Серғалиқызы өткен оқу жылының атқарылған іс шаралар мен жетістіктер жайында есеп беріп өтті. Мектеп ұжымы мен мектеп оқушыларының жоғары жетістігімен қатар мектептің жалпы тыныс тіршілігін , мектебіміздегі жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелеріне кеңінен тоқтала кетті. Оқу – тәрбие процесінің тиімді жүргізілуі мен мемлекеттен бөлінген қаражаттың өз дәрежесінде уақытылы және жүйелі игерілуіне жұмыс жасай беретіндігін жеткізді. Сонымен қатар мектепте білім алушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған жұмыстарды атап өтті.
- 2020 жылы мектебіміз күзет агентігіне өткізілді. Биылғы оқу жылында Іскер жауапкершілігі серіктестігі күзет агенттігімен келісім шарт түзілген.
- Турникет 2
- Балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мұғалімдерден құрылған ішкі және сыртқы кезекшілік құрылған.
- Бейнебақылау камерасы 49, 25 ДВД – ға қосылған
«Мектепке жол» акциясы барасында демеушілер тарапынан көп балалы отбасынан шыққан балаларға көмек берілді.
