Шымкент қаласының білім басқармасының
«№55 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
(8723) 53-39-16
(8707) 552-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 2022 ж. желтоқсан айының 26 күні 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығында оқу-тәрбие процесі бойынша атқарылған жұмыстар туралы Қамқоршылық кеңес отырысы болып өтті.
13
декабрь
2023

2022 ж. желтоқсан айының 26 күні 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығында оқу-тәрбие процесі бойынша атқарылған жұмыстар туралы Қамқоршылық кеңес отырысы болып өтті.

«ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС» ОТЫРЫСЫ
  Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты  № 55 жалпы орта білім беретін мектебінде желтоқсан айының 26 күні 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығында оқу-тәрбие процесі бойынша атқарылған жұмыстар туралы  Қамқоршылық кеңес отырысы болып өтті. Жиналыс барысында мектеп директоры Каппарова Айгул Сергалиевна білім беру мекемесінің қалыпты жағдайда жұмыс жүргізуін қамтамасыз етуге байланысты бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілуі жөнінде мәлімет берді. Күн тәртібінде: 
1. Мектепке бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы. Аз қамтамасыз етілген оқушыларға, тұл жетім оқушыларға берілген көмек. 
2. 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығындағы үлгерім көрсеткіші.
3. 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығындағы оқу-тәрбие процесіндегі жетістіктер. 
 Отырысқа қатысқан кеңес мүшелері білім сапасын арттыру бағытындағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдарын атап өтті. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты ұсыныстарын білдірді.
 Кеңес мүшелері өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Отырыс қорытындысында қомқоршылық кеңес мүшелері атқарылған жұмыстарға оң баға бере отырып, алдағы уақыттада әр жұмысты жауапкершілікпен сәтті атқаруына сенім білдірді.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив