06
декабрь
2023
АТА-АНАНЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
АТА-АНАНЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Шымкент қаласы №55 жалпы орта білім беретін мектебінде
7 "Ғ"-сынып жетекшісі Маму Орынхожа мұғалім ата-ананы педагогикалық қолдау мақсатында "Мектеп,ата-ана,бала арасындағы байланыс" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Ата- аналар жиналысының мақсаты: ата- ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, мектеппен қарым-қатынастың тиімді моделдерін іздестіру, балалар өмірінде ата-аналардың рөлі туралы мағлұматтар бере отырып пікіралмасу, балалардың дүниетанымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып білімді, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның рөлін дамтыу, ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру.
Жиналысқа келген ата-аналарға топтық жұмыс, тосын сый, оқушылардың аналарына, әкелеріне арнап жазған хаты, қолданған әдістері, шынайы сәтті шығып, ата-аналарға позитивті көңіл-күй сыйлады.

