Директор
Каппарова Айгул Сергалиевна Туған жері: 1973 жылдың 17 қыркүйек күні Түркістан облысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы) «Созақ» ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1994 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «бастауыш класстар мұғалімі» мамандығы, 2014 жылы Шымкент университетінде Тарих бакалавры академиялық дәрежесі, 2021 жылы бойынша білім алған. Тарих мамандығы білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық ғалымдар Магистрі дәрежесін алған. Жалпы еңбек өтілі: 28 жыл 4 ай Еңбек жолын 1994-1995 жылдар аралығында Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты Ерназаров атындағы орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі қызметін атқарған. 1995-2001 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы №32 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарған. 2001-2009 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы «№75 Көп салалы мектеп гимназиясында директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2009-2010 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы «№56 С.Көбеев атындағы орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2010-2012 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы «№87 жалпы орта орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2012-2022 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы «Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде» мектеп директоры қызметін атқарған. 2012 жылдың 10-қарашадан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі, партиялық билеті №0723327 Марапаттары: Каппарова Айгул Сергалиевна 2022 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мадақтамасымен, 2021 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтің «Құрмет грамотасымен», 2021 жылы Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығының «Құрмет грамотасымен», 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Құрмет грамотасымен», 2019 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтің «Құрмет грамотасымен», 2015 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчествалық Бірлестігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалімен, 2017 жылы ОҚО «Д.А.Қонаев қоғамдық қорының «Д.А.Қонаев 105 жыл» медалімен, 2021 жылы «Тәуелсіз Қазақстанның құзіретті тұлғаларын тәрбиелеудегі жаңашыл мектептердің рөлі» сертификатына ие болды. Білетін тілдеріҚазақ тілі – ана тілі Орыс тілі, ағылшын тілі - қосымша Жеке қасиеттері
|
