16
февраль
2022
"Дене шынықтыру және спортты дамыту"бөлімінің ұйымдастыруымен
Шымкент қаласы, білім басқармасының əдістемелік орталығының "Дене шынықтыру және спортты дамыту"бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында "Ұлттық мектеп лигасының"баскетбол, волейбол, стол теннисі, асық ату-бес асық түрлерінен жарыс өткізілді.
Жарыс өткізудегі мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру ,оқушылар арасында ынтымақтастық қарым қатынас орнату және республикалық жарысқа іріктеу.
2022 жылдың 14-15 ақпан күні "Ұлттық мектеп лигасының"жарысында #55 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары волейбол спорт түрінен өнер көрсетті.
Жарыс барысында N55ЖОББМ оқушылары 18 мектеп арасында сегіз кездесу өткізіп спорттағы жеңіске деген жігерлерінің арқасында,қайсар мінездерінің арқасында табандылық танытып, аймақтық мектептер арасында екінші орынды иеленді.
Мектебіміздің намысын қорғаған оқушыларға алғысымыс шексіз.
Қожақай Нұрайлым 7а
Орынбасар Шұғыла 7ə
Елтай Алия 7в
Жұмабай Күлімкөз 7ғ
Абдиманапова Ұлдана 8ғ
Құттыбай Жанерке 8ғ
Сүлейменова Айсу 8ж
Газизова Ляйсан 8и
Келесі жарыстарда өнер көрсетіп жүрген оқушыларымызға сəттілік тілейміз!!!

