2023 жылдың 22 ақпан күні "Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Налибаева, Э.Сұлтанбек, Д.Амирсейтова “Сұңғыла суреткер” атты 7-8 сынып оқушылары арасында сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Талдау сабағының мақсаты-
Шерхан Мұртазаның әңгімелерін оқыту арқылы жазушының мол мұрасын насихаттау. Оқушылардың бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру болды. Оқушыларға Quizziz қосымшасы арқылы қызықты сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Сергіту сәтінде әр топ дайындалып болғанша, өнерлі оқушылар ән мен күйлерін тарту етті. Талдау сабағы мына кезеңдерді қамтиды:
1.“Жалғастыр” кезеңі (жазушы өмірбаяны, шығармашылығын таныстыру)
“Зейінді оқырман” кезеңі (онлайн сұрақтар сайысы)
“Cұңғыла суреткер” кезеңі (“Жүз жылдық жара”, “Интернат наны”,
“Жүрекке әжім түспейді” әңгімелерін )
“Ұшқыр ой” кезеңдері қамтылды.
Сабақ соңында "Зейінді оқырман" тобы анықталып, белсенді оқушылар марапатталды.